Алғаш рет «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш рет «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді

30.04.2024

Бүгін алғаш рет бірлік күніне орай 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Көрсетілімнің басталуына тура 4 сағат қалды. Эфир 17:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады. Шараның онлайн трансляциясы телеарналардың ресми сайттарында, Facebook және YouTube платформасында жүргізіледі. 5 сағаттық тікелей эфирде тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі. Төтенше жағдай кезінде батылдық танытып, өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған жандар эфир қонағы болады. Сондай-ақ, ресми орган өкілдері өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру мен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, материалдық шығындарды өтеу жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді. «Біз біргеміз» телемарафонында еліміздің 8 өңірінен тікелей қосылым ұйымдастырылады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу