Алматыда 4 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 4 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

01.05.2024

Алматыда төрт қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты. Төрт адам ауруханаға жеткізіліп, ауыр хәлдегі бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Тұрғындар оқиға таңғы төрт шамасында болғанын айтады.

Қуан Нұрақын, Тілші:

Тілсіз жау мына біз тұрған төртінші қабаттағы пәтерден шыққан. Көршілердің сөзінше өрт болған кезде іште ерлі-зайыпты екі адам болған. Олар жан ұшыра айғайлап, көршілерін көмекке шақырып, артынша бірінің артынан бірі мына терезеден секіріп кеткен.

Сания Болысбекова, Куәгер:

Түнгі 04:30-да адамды лақтырғандай дауыс естіліп, шығып қасына барып көрдім. Әйел адам жерде жатыр. Қасында күйеуі аяғы сынған. Былқ-сылқ етіп жатты. Пламя болған жоқ. Ең басында көк түтін шықты. Одан кейін қап-қара қою қара түтін шықты. 01:36

Тұрғындардың сөзінше, қою қара түтін жүздеген адамның өміріне қауіп төндірген. Шырт ұйқыда жатқан кей адам ыстың иісінен оянған. Енді біріне көршілері қайта-қайта қоңырау шалып, өрт шыққанын хабарлаған.

Жанар Ерланқызы, Куәгер:

Тезірек шығыңдар, өрт болып жатыр, - деді. Киімімізді, құжаттарымызды алып сыртқа шықтық. Шыққан кезде көрдік бүкілі шулап жатыр екен. Адамдар жиналып жатыр екен. 00:49

Құтқару қызметі тұрғын үйден 30 шақты адамды эвакуациялаған. Төрт адам ауруханаға жеткізілген.

Лейла Тұрсынбекқызы, Қалалық №7 Клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Барлық қажетті тексеруден кейін үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Біреуі ауруханаға жатқызылды. Ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Науқас қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрден асады. Мамандар өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр дейді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу