Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

30.04.2024

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бас прокуратураның дерегінше, оған Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі яғни, ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айып тағылуда. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді. Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігін 2019-2022 жылдары басқарды. Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. 


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу