Перуде автобус апатынан 25 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде автобус апатынан 25 адам қаза тапты

30.04.2024

Перудің солтүстігінде автобус апатынан 25 адам қаза тапты. 13 адам жараланған. Оқиға Анд тауларында болды. Челендин қаласынан шыққан жолаушылар көлігі аударылып, өзенге құлаған. Апатқа байланысты қалада үш күн қаралы деп жарияланды. Әзірге автобустың не себепті құлағаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр. Перуде көлік апаты жиі болады. Оған жолдардың сапасыздығы себеп.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу