Президент Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады

30.04.2024

Қазақстан мен Сауд Арабиясының дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл! Осы айтулы күнге орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа құттықтау жеделхатын жолдады. «Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу