Қазақстан мен Сауд Арабиясы: Қарым-қатынасқа 30 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Сауд Арабиясы: Қарым-қатынасқа 30 жыл толды

30.04.2024

Сауд Арабиясы - Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі саяси серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы байланыс сан салада жанданып келеді. ((КЕСТЕ)) Короновирус өршіп, пандемия болған уақытта сауда-саттық көлемі сәл бәсеңдегенімен қазір артқан. Мәселен өткен жылы он айдың өзінде сауда-саттық 14 млн долларға жеткен. Оның жеті жарым миллионы экспорт, қалғаны импорт. Еліміз Сауд Арабиясына негізінен ферроқорытпа, жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен темір тасымалдайды. Жеміс-жидек пен дәрі-дәрмек сатып алады. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай-химия, атом өнеркәсібі, туризм және инвестиция салаларында байланысты арттыру көзделген.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу