Өзбекстанда шегірткемен күрес басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда шегірткемен күрес басталды

30.04.2024

Өзбекстанда шегірткеге қарсы күрес басталды. Қашқадария облысында зиянкес жәндіктер жасыл алқапқа ауыз салған. Жергілікті тұрғындар шегірткенің шабуылы тоқтамаса шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдаулы. Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді. Қазір залалсыздандыру жүріп жатыр. Жалпы биыл көрші елде 580 мың гектардай алқапты өңдеу жоспарланған. Марокко шегірткесі ауа температурасы 10 градустан жоғары болған кезде таралады. Алдын алмаса зиянкестер ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтіреді. Өзбекстанның Наманган облысында да осыған ұқсас жағдай. Төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл шаруашылығы ведомствосы бірлесіп шегірткенің таралуына жол бермеу шараларын қолға алды

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу