Ауғанстанда қар жауып, гүлдеп жатқан жеміс ағаштары үсіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда қар жауып, гүлдеп жатқан жеміс ағаштары үсіп кетті

01.05.2024

Жаһаннан бірер ақпар. Ауғанстанда күтпеген жерден қар жауып, гүлдеп жатқан жеміс ағаштары үсіп кетті. Салдарынан, Майдан-Вардак провинциясында екі мыңдай отбасы табыссыз қалған. Биыл алмұрт пен алмай, шие мен шабдалы сата алмайтын фермерлер, қазір үкіметтен көмек сұрап жатыр. Айтуларынша, оларда отбасын асырайтын басқа кіріс жоқ. Жергілікті билік болса, мезгілсіз жауған қардың/ бау-бақша қожайындарын қатты алаңдатқанын мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу