Танзанияда алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танзанияда алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр

01.05.2024

Танзанияда алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Төпелеп жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, егістік алқаптарын, үйлерді, жолдарды су шайып кеткен. Тұрғындарға жергілікті үкімет пен халықаралық ұйымдар жәрдемдесіп жатыр. Бірнеше күн бұрын премьер-министр Кассим Маджалива мәлімдегендей, Танзанияда табиғи апаттан 155 адам қаза тауып, 10 мыңнан астам үй зақымданып, 200 мыңдай тұрғын зардап шеккен.

Елдің Метеорология басқармасының хабарлауынша, нөсер жаңбыр мамыр айының соңына дейін жаууы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу