Жаңаөзенде кәсіпкерлік қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде кәсіпкерлік қарқын алды

02.05.2024

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Кейбір бизнес өкілдері өңірде бұрын соңды болмаған жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мысалы кәсіпкер қоқысқа тасталған пластик бұйымдарды қайта өңдеуді қолға алып, одан құрылыс материалын өндіріп жатыр. Ал, енді бірі, бұзылған мұнай скважиналарын жөндеп, қолданысқа жарамды етеді әрі мұнай өндірісіне қажетті құрал-жабдық шығарады. Жалпы Жаңаөзен қаласында төмен пайызбен несие рәсімдеп, кәсібін дөңгелетіп отырған 48 кәсіпкер бар. Олар 2 мыңдай адамды жұмыспен қамтып отыр.

Руслан Имажанов, жұмысшы:

 Айтқым келгені жастарға Жаңаөзен қаласында жұмыс бар, жұмыс жетеді. Еңбек етемін деген адамға жұмыс табылады. Қазір әртүрлі кәсіби орындар ашылып жатыр. Зауыттар ашылып жатыр. 

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу