Каспий теңізі тасқын сумен толтырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізі тасқын сумен толтырылып жатыр

02.05.2024

Каспий теңізі тасқын суымен толтырылып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, бүгінде теңізге 1 млрд текше метрге жуық су жіберілді. Қарғын су Бақсай, Нарын, Черная речка және Соколок арналары арқылы өткен. Жалпы, бұл арналар тәулігіне 12 миллион текше метрге дейін су өткізе алады. Мамандар тазарту, нығайту және басқа да жұмыстарды атқарып жатыр. Соколок каналының бойында ұзындығы 14 шақырым қосымша арна қазылып, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберіледі. Бұған дейін Балқаш көлін толтыру үшін жұмыстар атқарылып, оның деңгейі 15 см-ге көтерілген. Батыс Қазақстан облысындағы Қамыс-Самар көлдеріне және Ұлытау, Қызылорда, Ақмола облыстарының көлдеріне де су жәберілген. 

Хабарламаларға жазылу