Ұлыбританияда қазақша сөйлеу клубы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда қазақша сөйлеу клубы ашылды

02.05.2024
Лондонда қазақша сөйлеу клубы ашылды. Мақсаты ұлы Абай тілін меңгергісі келетін шетелдіктер мен қандастарымыздың басын біріктіріп, тілдік орта қалыптастыру. Клуб мүшелерімен Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова кездесіп қайтты. Стив Скрютин - қаржы саласының маманы. Ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Енді міне қазақ тілін меңгергіп жатыр.

Стив Скрютин, қаржыгер:

Өзіммен деңгейлес тіл үйренушілерді таптым. Бұл - тілді тез меңгеруіме көп көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Шетелдіктердің қазақ тілін үйренудегі мақсаты әртүрлі. Бірі Қазақстанға саяхаттауды армандайды, енді бірінің жұбайы қазақ ұлтынан. Абай шығармаларын түпнұсқада оқығысы келетіндер де бар
.

Себастьян Данн, ағылшын тілінің мұғалімі:

Ағылшын тілінің мұғалімі болған соң басқа тілдерді де меңгергім келеді. Қазақ тілінің дыбысталуы өте ұнайды.
Қазақша сөйлеу клубына отандастарымыз да мүше. Олар ана тілін білмегендерін ар санап, осында келген. Сондай-ақ басқа мемлекетте туылған қандастарымыз да тіл білімдерін жетілдіріп жатыр.

Қымбат Мәдениетқызы, студент:

Өзім Қытайдан келдім. Қытайда қытайша сөйлеймін. Бірақ үйде басқа тіл қолданбаймыз. Қазақшаны өте жақсы көремін. Клуб мүшелері деңгейлеріне қарай шағын топтарға бөлініп, бірнеше үстел басына отырды. Клубты Қазақ орталығы және еріктілер тобы құрған.

Әлия Қанатбекқызы, ұйымдастырушы:

Мәдениетімізді жоғалтпауға, Қазақстанмен тығыз байланыста болу үшін осындай қадамға барып отырмыз. Клубқа қатысу тегін. Бастапқыда айына бір рет бас қосу жоспарланып отыр. Сұраныс артса, кездесулер жиірек өткізілмек.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу