Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады

02.05.2024

Жыл басталғалы 3 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Ол өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиардтан астам теңгені қысқарту ұсынылғанын айтты. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады. Президентке Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу