Батыс Қазақстанда су ұңғымасы жиырма күннен бері суда тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда су ұңғымасы жиырма күннен бері суда тұр

02.05.2024

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпный ауылында су ұңғымасы жиырма күннен бері суда тұр. Қазір "Жарқын" шағын ауданындағы 120 отбасыгна тіршілік нәрі тасымалданып жатыр. Орталық су құбырына сәуірдің ортасында қарғын су жайылған. Шағын аудан тұрғындары содан бері таза сусыз отыр. Жергілікті әкімдік күнара төрт тонна болатын екі бөшкені суға толтырады.

Мәлік Жаманғарин, Подстепный ауылының тұрғыны:

Ішетін су жоқ. Ішетін суды балалар қаладан алып келеді. Біз мына суды іше алмаймыз. Себебі кеше су бітіп қалғанда, қалдығын алайын деп келсем, іші топырақ кәдімгі.

Ал ауыл әкімі судың таза екенін, қаладан тасымалданатынын айтады. Ауыл іргесіндегі қосымша су көзінен техникалық су тартылатынына уәде берді. Ал, тұрғындар, ауылды тасқыннан зардап шеккендер қатарына қосуды сұрайды.

Мейірбек Сұлтанов, Подстепный ауылдық округінің әкімі:

Суды қосу мәселесі мына су кетпей мүмкіндік жоқ. Себебі насос, трансформатор - бәрі суда түр. Сол себепті қоса алмаймыз. Су кеткесін, бәрін тазалаймыз сосын су беріледі. Шамамен маусым аяғында болар.


Хабарламаларға жазылу