Қытайда жол опырылып, 48 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жол опырылып, 48 адам қаза тапты

02.05.2024

Қытайдың Гуандун провинциясында автомагистральдің бір бөлігі опырылып түсті. 23 машина жол бойындағы сайға құлап, олардың кейбірі өртенген. Апаттан 48 адам қаза тауып, 30-ға жуығы жараланды.

Мэйчжоу-Дабу трассасының бұзылуына нөсер жауын себеп. Оқиға миллиондаған адам 1-ші мамыр мерекесін тойлау үшін жолға шыққан кезде болған. Зардап шеккендерді құтқару мен эвакуациялау үшін шұғыл топ құрылды. Гуандун провинциясында жауын сәуірдің соңынан бері жауып тұр. Салдарынан сел жүріп, үйлер мен жолдарды су басып, көпірлер қираған.


Хабарламаларға жазылу