Енді банктер несие жүктемесіне қарамастан автонесие беруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді банктер несие жүктемесіне қарамастан автонесие беруі мүмкін

02.05.2024

Енді банктер азаматтардың несие жүктемесіне қарамай авто кредит беруі мүмкін. Бұл жобаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынып отыр. Құжат ашық үкімет порталына талқылауға шығарылды. Онда 15 мамырға дейін пікір қалдыруға болады. Бұл талап 1 сәуір мен 31 желтоқсанды қоса алғандағы кепілмен жаңа көлік құралын сатып алу мақсатында берілген несиелерге қолданылмайды.

Десе де, бұл мәселеде сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Бірі автонесиені оңды-солды үлестіру бейберекетсіздікке әкелуі мүмкін, - дейді. Себебі, қазірдің өзінде банк алдындағы берешегін 90 күннен асырып алған 1,2 миллион қазақстандық бар. Енді бірі бұл өркениетті елдердегі бар тәжірибе, сондықтан қолдауға болатынын айтады.

Сапарбай Жобаев, Экономист:

Микро кредиттік ұйым не болмаса банк, қаржы жүйесі автомоюильдің өзін сатып-ақ өзінің берген ақшасын қайтарып алу мүмкіндігі бар деген пікір осы жерде келіп тұр. Мен ойлаймын, бұл әдеттегі өркениетті елдерде мұндай үрдіс бар. Мұны қолдаса болады. 

Нұржан Бияқаев, Тәуелсіз сарапшы:

Көліктің 100 немесе 200 теңге тұрмайтыны анық. Ертең бір күн төлей алмай қалсаңыз өсімпұл негізгі соманың негізінде жүреді. Енді есептеп көріңіз, темір тұлпарлардың ең арзаны 7,8,10 миллион теңге тұрады. Бұл банк пен автомобиль өндірушілер үшін ғана тиімді. Бұдан кейін проблемалық кредиттің саны одан әрі артпаса, кемімейді. 


Хабарламаларға жазылу