Роман Еремин биатлоннан 52-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Еремин биатлоннан 52-орында

12.02.2018

Қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы биталоннан 12,5 км із қуу сайысы мәресіне жетті. 

 

Бұл сынға құрама сапынан спринт сайысында үздік алпыстыққа енген жалғыз отандасымыз Роман Еремин жолдама алған болатын. Спринт сайысының жеңімпазы, неміс Арнд Пайфферден 1:43.00 минут уақытқа кешіккен отандасымыз жарысты 43-нөмірмен бастады 

 

Із қуу сайысының спринттен айырмашылығы, бұл сында спортшылар 4 мәрте көздеп ату сәтіне тоқтайтын болады. Алғашқы ату сәтінде 2 қателік жіберген Еремин үздіктерден алыстай түсті. Жалып есептегі көздеп ату барысындағы 8 қателіктің салдарынан Роман Еремин 150 метрлік айып алаңын бернеше рет айналып өтуге тура келді. 

 

Жалпы кестеде жерлесіміз сайыс жеңімпазы француз Мартен Фуркадтан +5:59.4 минутқа қалып, 52-орынға тұрақтады.

Хабарламаларға жазылу