Үндістанда әлемдегі ең үлкен парламенттік сайлау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда әлемдегі ең үлкен парламенттік сайлау басталды

19.04.2024

Үндістанда әлемдегі ең үлкен парламенттік сайлау басталды. Сол үшін бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де бюллетен тастайтын бөлімшелер ашылды. Олардың алдында халық ұзынсонар кезекте тұр.

Маусымның 1-де аяқталатын сайлау жеті кезең бойынша өтеді. Соның бірінші фазасы және ең ауқымдысы 21 штатта өтіп жатыр. Оған 166 миллион адам қатысуы керек. Болжамдарға қарағанда, жаздың басына дейін 1 миллиардтай азамат 20-дан астам партиядан сайлауға түскен кандидаттарға дауыс беруі керек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу