Еліміздегі танымал тұлғаларға Қырғызстанның мемлекеттік наградасы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі танымал тұлғаларға Қырғызстанның мемлекеттік наградасы табысталды

19.04.2024

Еліміздің танымал қоғам қайраткелері, ақын-жазушылары мен өнер жұлдыздарына Қырғызстанның мемлекеттік наградасы табысталды. Олардың қатарында халық ақыны Мұхтар Шаханов, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков, халық артисі Роза Рымбаева да бар. «Данакер», «Достық», «Данк» ордендерін Қырғыз республикасының мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов табыстады. Мәртебелі марапат танымал тұлғаларға екі ел арасындағы қатынасты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін табыс етілді.

Сүйінбек Қасмамбетов, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы:

Қазақ-қырғыз бір дарияның екі жиегіндей, бір құстың екі қанатындай. Қанша қиындықты бастап өткерсе де біріне-бірі осы күнге дейін көмек қолын созып келеді. Президентіміз Садыр Жапаровтың жарлығымен қырғыз-қазақ достығы жасай берсін деген ниетпен мәдениет қайраткерлеріне және оның көрнекті өкілдеріне арнайы марапатты табыстауға келдік.

Тәуірбек Бозекен 

Хабарламаларға жазылу